<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>C</key>
<hymn_number>201</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.    Am        Dm            E7
 Жаман ойлар мазалайды жанымды.
.Dm         E7        Am
 Жаным талай ойға еріп жаңылды.
.     Dm        G          C          Am
 Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым.
.       Dm            E7        Am
 Қайғысына көндім бір сәт тозақтың.

[V2]
 Жаман сезім жаулағандай бойымды.
 Жүрегімді жаралады ой-мұңды.
 Бәрі болды өзімнен алыс кетіп жүзіңнен.
 Бұл өмірге алаңдаған кезінен.

[C1]
.       Dm         G        C       Am
   Қиналғанда тек Өзіңді іздеймін, неге?
.     Dm           G
   Айтшы маған Тәңірім,
.         C         Am
   қандай менің өмірім.
.    Dm             E7      Am
   Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім.

[V3]
 Арам ойдан арылдым ба білмедім.
 Бар білерім Әке сөзін сермедім.
 Шектім соның зардабын, жоғалғандай арманым.
 Білмегендей бұл өмірдің жалғанын.

[V4]
 Жан-дүнием сөздеріңе шөлдеген.
 Рухым бірақ тірі әлі өлмеген.
 Әке дейді дауыстап, алақаныңнан ұстап.
 Өлі сезім, мәнсіз ойларды тастап.</lyrics>
<title>Жаман ойлар мазалайды жанымды РӘЖ201</title>
</song>